БАРЛЫҚ ОҚУ БӨЛІМДЕРІНДЕ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

БАРЛЫҚ ОҚУ БӨЛІМДЕРІНДЕ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

2023-02-27

    Ұрпақ тәрбиесі – ең ұлы міндет десек, осы міндетті мүлтіксіз орындау колледж оқытушыларымен қатар ата-аналардың да жауапкершілігінде. Сондықтан жиынның түйіні - бала болашағын қалыптастыруда ата-ана мен оқытушы үнемі бірлікте болса ғана қоғамды дұрыс бағытта қалыптастыратын саналы ұрпақ тәрбиеленетіндігіне айқын көз жеткізу. Осы арада барлық оқу бөлімдерінде колледжішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

    Жиынның мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.

    Іс-шара барысында ата-аналармен тренингтер, жаттығулар жасалып, бірнеше командаға бөлінді. Кездесу кезінде ата-аналар жиналыс шартымен және мақсатымен танысып, «Баланың бас ұстазы-ата-анасы», «Отбасы портретін бейнелеу», «Отбасы-бақыт мекені» т.б тапсырмалар мен ойындарына қатысып, белсенділік көрсетті. «Тәрбие. Қарым-қатынас. Отбасы» құндылықтарына негізделген бейнеролик көріп, өз ойларымен бөлісті.

    Аталмыш жиын барысында бөлім меңгерушілері колледждің ішкі және сыртқы ережелерімен таныстырып, білім алушылардың тұлғалық қалыптасуында оқу орны, мұғалім, ата-ананың ықпалы, жауапкершілігі жайында құнды пікірлер жайында атап өтті. Сонымен қатар, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Орманқызы бітіруші топтарға алдағы біліктілік тестінен және жоғары оқу орнына ҰБТ дайындықтары жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Жиналыс барысында ата-аналар колледждің оқу-тәрбие процесіне жақсы пікірлерін білдіріп, колледж басшылығы мен ұжымына табыстар тіледі.