Әйел – Ана. Әйел – тіршіліктің тұтқасы. Әйел - өмірдің өзі, бақыт пен берекенің көзі. Нәзіктік пен көркемдіктің, мейірімділік пен парасаттың мәні де, сәні де – Әйел-аналар.
Бүгін оқу орнымызда ер-азаматтар қауымының 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Арулар – аяулылар, ардақтылар» атты нәзікжандыларды құттықтау шарасы өтті.
Алғашқы құттықтау сөзі колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызына беріліп, жиналған колледж ұжымын көктемнің күлімдеген нұрлы шуағымен бірге адам жанын жадыратар, жүректерге жылу берер Халықаралық әйелдер мерекесімен құтттықтап, жылы лебізін жеткізді. Шара барысында Кәсіподақ атынан колледж ұжымындағы барша нәзік жандыларға сый-сияпат табысталды.
Мерекелік жиында Нұрмағамбет Мақсұтов бастаған ер азаматтар ұжымның барша әйелдер қауымын шұғылалы көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ыстық ықылас білдірді. Ерлер нәзік жандыларға арнап түрлі музыкалық қойылымдарда өнер көрсетіп, ана туралы керемет әндерді шырқап, оларға деген құрметін жеткізді. Кештің соңы әсерлі «Анаға сәлем» әнімен сәтті қорытындыланды.