ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМДІЛІК ҚҰТҚАРАДЫ

ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМДІЛІК ҚҰТҚАРАДЫ

2023-03-15

    Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Шын мұқтажға жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Осы орайда бүгін М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Әлемді мейірімділік құтқарады» атты жақсылыққа бағытталып, жан жылуына арналған қайырымдылық шарасын өткізді.

    Жанашыр жастар бас қосқан  қайырымдылық акциясында студент қыздар пісірген тәттілерін сатылымға қойды. Ұлы іске колледж басшысы Жақсыгүл Қоханқызы мен ұлағат ұясының ұжымы дастарханнан дәм татып, қайырымдылыққа үлес қосып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

    Аталмыш жәрмеңкеден түскен қаражат алдағы уақытта қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады. Колледжімізде осындай қайырымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.