«Туберкулез – жұқпалы, әрі қауіпті дерт» атты сала мамандарымен кездесу өтті.

«Туберкулез – жұқпалы, әрі қауіпті дерт» атты сала мамандарымен кездесу өтті.

2023-03-27

    Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай туберкулездің алдын-алу мақсатында колледжімізде «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің және колледж медбикелерінің ұйымдастыруымен «Туберкулез – жұқпалы, әрі қауіпті дерт» атты сала мамандарымен кездесу өтті.

    Жиынға Облыстық Облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері М.Қ.Увашова, Жастар денсаулығы орталығының маманы А.Ғ.Алтаева, колледж медбикелері Г.Айжанова және А.Алпыс қатысып, білім алушыларға аталған дерттің алдын-алу, сақтану және қоғамдық орындардағы сақтық шарасы туралы кеңірек ақпарат берді. Сонымен бірге жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау, санитарлық-гигиеналық тазалықтың талаптары мен маңыздылығын түсіндірді.

    Шараның мақсаты - туберкулез туралы дерек бере отырып, жастардың өз денсаулығына және өзгенің денсаулығына жауапкершілігін арттыру, жеке бас гигиенасы туралы түсінік қалыптастыру.

    Сала мамандары және колледж мейірбикелері қатысқан шарада студенттер пайдалы ақпарат алып және кері байланыс орнатылып, студенттер өз сұрақтарына жауап ала білді. Сонымен қатар, «Туберкулез – жұқпалы, әрі қауіпті дерт» тақырыбында бейнедәрістер көрсетіліп, сала мамандарымен әзірленген жадынамалар таратылды.