Шығарманы орындауда кездесетін штрихтар мен техникалық мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану жолдары

Шығарманы орындауда кездесетін штрихтар мен техникалық мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану жолдары

2023-03-29

    «Өнер» бөлімі, «Музыкалық аспаптар» ПЦК-сының  апталығы аясында  «Шығарманы орындауда кездесетін штрихтар мен техникалық мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану жолдары» тақырыбында  тәжірибе алмасу алаңы өтті.

    Мақсаты: Жеке тұлғаға бағытталған оқытумен тәрбие жұмысының кешенді жүргізілуі, кәсіби білікті, білімді,шығармашылық бағытта қалыптасқан және ақпараттық құзіреттілігі теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жетілген, жетістіктерге жетуге талпынатын білікті мамандарды дайындау.

    Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің «Халық аспаптар» бөлімі, «Баян» класының оқытушысы, педагог-сарапшы Есмаханова Назым Алпысбаевнаның  шеберлік сағаты  өткізілді. Шеберлік сағат барысында Н.А.Есмаханова «Музыкалық білім беру мамандығының» білім алушылары Елемесова Мөлдір мен Бақытжанұлы Алматтың өнерін тамашалап,  шығармаларының техникалық тұстарына тоқталды. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу алаңында Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің «Халық аспаптар» бөлімінің студенттері, Н.А.Есмаханованың шәкірттері М.Өткелбай, Ж.Өмірбайқызы, Ж.Қылышбаев өз өнерлерін көрсетті.

    Өнерлі білім алушылар кәсіби мұғалімдер көрсеткен дәрісті ерекше көңілмен қызығып қабыл алды. Осындай шеберлік сабақтары білім алушылар үшін  жұмыс атмосферасына ену, танысу студенттердің шығармашылық дамуына зор үлесін тиігізері сөзсіз.