Колледжімізде 4 сәуір мен 10 сәуір аралығында колледж психологтарының «Психология әлеміне саяхат» тақырыбында психология апталығы бастау алды. Шараның мақсаты:
Қатысушылардың шығармашылық қабілетін арттырумен қатар бір-бірімен тығыз жағымды қарым-қатынас орнату және ынтымақтастықта жұмыс жасау;
Қатусышылардың танымдық процесстерін арттыру және жағымды психологиялық көңіл-күй сыйлау.
Апталықтың алғашқы күнінде колледж ұжымын қарсы алып, әр баланың қимыл-қозғалысын белсенділігін арттыру, ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында «Жүрек жылуы» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өтті. Шараға колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Маралбекқызы, колледж психологтары, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Апталық жоспарына сәйкес аптаның әр күні арнайы тапсырмалар мен позитивті көңіл-күй сыйлайтын
«Мен тұлғамын»,
«Қарым қатынас» күні,
«Қабілет» күні,
«Бақытқа толы сәт» бағыттары бойынша ойындар, тренингтер ұйымдастырылады.
Колледж студенттері күнделікті өмірде түрлі топтармен, өзге ортамен араласа отырып қарым-қатынас жасайды. Ал оқушылар қарым-қатынасының негізгі объектісі - олардың ұйымшылдығы мен бірлігі, ортақ психологиялық ахуал, әрбірінің көңіл-күйі, мақсат-мүддесі әлеуметтік-психологиялық ортада өзекті жайт ретінде қарастырылады.
Шара соңында қатысушыларды психологиялық қолдау мақсатында «Мольберт бойындағы суреттер» және «Джанглер» атты семинар-тренингтер жүргізіп, шара барысында толық және қызықты мағлұмат алған оқытушылар алғыстарын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.