«МОТИВАЦИЯ ЖӘНЕ ЕРІК КҮШІ» АТТЫ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

«МОТИВАЦИЯ ЖӘНЕ ЕРІК КҮШІ» АТТЫ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

2023-04-07

    Оқу орнымызда «Психология әлеміне саяхат» психология апталығы аясында колледжішілік бөлімдер арасында «Мотивация және ерік күші» атты тимбилдинг әдісімен эстафеталық сайыс өтті.

    Мақсаты:

    1. Студенттердің жалпы және дүниетанымдық қабілеттерін шыңдау, логикалық ойлауға, шапшаң шешім қабылдай білуге баулу, жан-жақты білімдерін толықтырып, жүйелей отырып кәсіби біліктіліктері мен құзыреттіліктерін арттыру;

    2. Спорттық және дене жаттығулары арқылы студенттердің салауатты өмір сүре білуге шақыру, педагогикалық тапқырлық пен шапшаңдық, эмоционалдық мәдениет, кәсіби ұқыптылық, шыдамдылық қабілетін дамыту.

    Сайыстың ашылу салтанатында «Дене тәбиесі және спорт» бөлімінің меңгерушісі Қайрат Нұрымбетов сайыстың мазмұны жайлы түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Педагогикалық фестивальге 6 студенттен құралған 7 команда қатысты. Эстафеталық сайыстың барысы 4 кезеңнен тұрды. Әр команданың  формасы, эмблемасы, девизі, аты болуы  сайыс ережесінде міндеттелді. Спорттық эстафетада командаға жинақталған студенттер түрлі спорттық кедергілерден өтіп, тапсырмалар орындады. Шара соңында эстафетаға қатысушыларды психологиялық қолдау мақсатында «Мозайка» атты арт-терапиялық тренинг жүргізілді.

    Әділқазы алқасының әділ бағалауымен эстафета нәтижесінде жеңімпаз командалар апталықтың қорытынды бөлімінде марапатталатын болады.