Оқу орнымызда «Психология әлеміне саяхат» психология апталығы аясында «Буллинг, кибербуллинг туралы сөйлесейік» тақырыбында сала мамандарымен кездесу өтті.
Мақсаты: білім алушыларға буллинг және кибербуллинг туралы мәліметтер беру, кибербуллинг белгілері және оның адам өмірінде орын алатын салдары мен көрсетілетін көмектер туралы түсінік беру.
Шараға Облыстық жастар денсаулығы орталығының психолог маманы Жұматай Ұлжан Арысқызы, колледж психологтары Жанат Уалибекқызы, Нұргүл Жүрсінбек және топ студенттері қатысты.
Жоспарлы жиын аясында кибербуллинг ұғымы, оның шығу тарихы, булингтің адамға әсер ету жолдары, кибершабуылдан қорғану механизмдері жайында ақпарат айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керектігі, қысым көрген балалардың айрықша белгілері және неліктен адамдар бұндай әрекетке баратыны жайында қоғамдық тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, талданды. Студенттердің көпшілігі үшін «Кибершабуыл» таныс емес ұғым екендігін анықтай отырып, белсенді кері байланыс жасалды.
Кездесу кезінде білім алушылар «Бағалау әдісі», «Жеке сөйлеу», «Қобдишадағы жаттығу» және «Буды түсіру» атты тапсырмалар мен ойындарына қатысып, белсенділік көрсетті. Студенттер тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, керемет көңіл күйде ыстық ықыластарын білдірді.