М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің ұйымдастыруымен «ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІ: ІЗДЕНІС, ШЫҢДАЛУ, НӘТИЖЕ» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Шараға колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы, директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Дана Ділдәбекқызы, «Физика, математика және ақпарттық жүйе» бөлімінің меңгерушісі Зарина Ермекбайқызы және бөлім оқытушылары мен студенттері қатысты.
Апталықтың ашылу салтанатында «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөліміне қарасты «Физика математика», «Ақпараттық жүйе», «Информатика», «Жаратылыстану» ПЦК-ларының мазмұндық пәндік ерекшеліктеріне орай: балдың құрамын анықтау, С дәруменінің құрамы, «Георафиялық картаны білесің бе?», «Атмосфералық қысымның қасиеті», «Жарықтың әртүрлі ортада таралуы», «Заттың тығыздығын анықтау», 3Д принтер, сканер т.б. зертханалық жобалар, математикалық лайфхактар, тәжірибелер жайлы жан-жақты мағлұмат беріліп, студенттердің енгізген жаңа жобалары таныстырылды. Өз кезегінде, колледж басшысы Жақсыгүл Қоханқызы әріптестеріне апталық барысында сәттілік тілеп, студенттердің сапалы білім алуын жіті назарға алатынын алға тартты. Сонымен қатар апталықтың барысы «Жасыл ел: жігерлі жастар жұмысы» атты колледж ауласын көгалдандыру жұмыстарымен жалғасты.
Аталған апталық аясында:
«Art&Аnimation» колледж студенттерінің цифрлық сурет және анимация байқауы;
«Brain Storm» география, химия, биология пәндері бойынша колледжішілік 1 курс студенттердің жас эрудиттер сайысы;
«Логика LIFE » колледж оқытушылары арасында интеллектуалды-логикалық сайыс-шоу;
«1GE ойлан» қалалық ТжКББ және ЖОО ұйымдарының білім алушылары арасындағы интеллектуалды сайыс;
«Q∙π•Я» ағылшынша білім бар физика және математика мамандығының 4 курс студенттері арысында интелектуал-эрудит студенттерінің ағылшынша білім бәйгесі;
«Цифрлық аймақ: колледж оқытушылары, қызметкерлер мен білім алуышылары үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында цифрлы ресурстарды сабақ барысында тиімді қолдануға бағдар, ашық есік күні;
«IT-project 2023» облыстық ТжКББ ұйымдарының білім алушылары арасындағы ІТ-жобалар байқауы;
«Дәуір даналығын ілестіреді, ұстаз білім нәрін үлестіреді» Облыстағы техникалық және кәсіптік оқу орындарының колледж оқытушыларының шеберлік сағаты;
«Әдістемелік коллаборация: оқытудағы пән аралық байланыс» қала көлеміндегі колледж және мектеп оқытушыларымен семинар;
«IQ Star» колледжішілік 1-2 курстар арасында информатикалық білімінің шыңдалуына интеллектуалды сайыс;
«Кәсіби бағдар-болашаққа жол» 06120200- «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», 01140700- «Информатика» мамандықтарын қала мектептеріне колледж базасында кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілетін болады.