Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында, деструктивті діни ағымға қарсы иммунитет қалыптастыру және дінтану мен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында колледжімізде сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс офицері, облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Жаппасбаев Алибек Бахытжанұлы, Жастар ісі жөніндегі инспектор Шернияз Жалғасбекұлы және жатақхана студенттері қатысты.
Кездесуде жастар арасындағы діни көзқарастардың қалыптасуы, теріс ағым өкілдерінен сақтану және зайырлы мемлекет ұғымы тақырыптары кеңінен тарқатылып, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.