КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ «МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПОЛИЦЕЙІМ» АТТЫ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ «МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПОЛИЦЕЙІМ» АТТЫ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

2023-04-19

    Қызылорда облысының полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Мен және менің полицейім» атты колледж студенттеріне «Ашық есік күні» өткізілді.

    Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету болып табылады.

    Шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.А.Жұмаділдаев, ұйымдастырушы-педагог Жанар Үсенбекқызы және ДТ-Ш-22К, ХК-Ш-22 оқу топтарының студенттері қатысты. ​

    Аталмыш акция шеңберінде колледж студентеріне Полиция департаментінің мұражайы, Ерлік бұрышы мен Жедел басқару орталығы, Жылдам қимылдайтын жасақ, «Кинология» орталығының есірткі заттарын анықтайтын иісшіл иттердің жасырылған жұмысы таныстырылды. Білім алушылар қала аумағында  орналасқан бейнебақылау камералары қоғамдық орындар мен көпқабатты үйлерде, өздері білім алып жатқан мектептердің ішкі ғимараттарының аумағына және «Жедел басқару орталығының» бейнебақылау камераларымен танысты.

    Шара барысында колледж студенттері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, белсенді талқылау өткізілді.