ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен пікірсайыс турниріне оқу орны атынан қатысқан «Мәншүк жастары» фракциясы жүлделі ІІ орын иеленді. Сонымен қатар колледжіміздің студенті Бексұлтан Санақұл жекелеген ойыншылар арасынан топ жарып, «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.
Пікірсайыс ойындары «ORDA» жоғары колледжі базасында атаулы білім беру орталығының 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында өтті. Сайысқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 19 фракция қатысты.