Колледждің оқу жүйесінің кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 9 наурыз бен 19 сәуір аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі» біліктілігі бойынша бітіруші курс студенттері балабақшаларда дипломалды тәжірибиден өтті. Тәжірибе жинақтау жұмыстарына әдіскерлер Р.Ж.Шермаханова мен Ғ.Дильманова басшылық жасады.
Дипломалды практикасының жұмыс оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие»құзыреттілігі бойынша WorldSkills конкурстарын өткізу ережесіне сәйкес кәсіби дағдыларын меңгерудің модулдерінің талаптары негізінде өндіріс мамандарымен бірлесе әзірленді. Аталған жұмыс оқу бағдарламасы тәжірибе жинақтау бойынша міндетті оқу мазмұнына және мамандар даярлау деңгейіне қойылатын талаптарға негізделді.
Тәжірибе барысында білім алушылар күнделікті режим сәттерін, таңертеңгілік гимнастика, ұйымдастырылатын іс-әрекеттер және серуен, ата-аналармен бірлескен жұмыстар мен ойын түрлерін ұйымдастырып отырды. Сол сияқты АКТ жабдықтарын белсенді пайдалана отырып, «Сөйлеуді дамыту» және «Математика негіздері» кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттер, танымдық- дидактикалық ойындар және ата-аналармен этномәдениетті дамыту бағытында жобалар әзірледі. Сондай-ақ «Мен жаңа формацияның педагогімін» тақырыбында электрондық портфолио құрастырды.
Тәжірибе жинақтау соңында балабақша базасында қорытынды конференция ұйымдастырылды. «Бегім ана» балабақшасының меңгерушісі Мұханбетқалиева Жанат пен әдіскері – Мамыраева Бекзат Пірмаганбетқызы және балабақша тәрбиешілері машықтанушылардың атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Колледж әдіскері Р.Ж.Шермаханова мен студенттер тәлімгер болған тәрбиешілерге өз жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.