
Оқу орнымызда нәзік жандылар қауымының 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлер– жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты ер жігіттерді құттықтау шарасы өтті.
Алғашқы құттықтау сөзі колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызына беріліп, жиналған колледж ұжымын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құтттықтап, жылы лебізін жеткізді. Шара барысында Кәсіподақ атынан колледж ұжымындағы барша ер азаматтарға сый-сияпат табысталды.
Мерекелік жиында ұжымның барша әйелдер қауымы бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып жүрген ел азаматтарына деген ыстық ықыластарын білдірді. Сонымен қатар нәзік жандылар ер азаматтарымызға арнап түрлі музыкалық қойылымдарда өнер көрсетіп, әке туралы керемет әндерді шырқап, оларға деген құрметін жеткізді. Кештің соңы «Жігітсіздер» әнімен сәтті қорытындыланды.