Бір-бірімізді жақын танимыз

Бір-бірімізді жақын танимыз

2022-05-12

Әдістемелік кабинетте жас мамандармен бірлескен «Педагог шығармашылығы – сабақ процесінің тиімділігін арттыру шарты ретінде» тақырыбында әдістемелік сағат өткізілді.
Мақсаты  -  жас маманның кәсіби қызметіндегі кедергілер мен қиын мәселелердің шешімін табуға әдістемелік көмек беру.
Әдістемелік сағатта жас мамандармен бірнеше тренинг жұмыстары жүргізілді.
«Бір-бірімізді жақын танимыз» тренингінде жас мамандар осы уақытқа дейін бір-бірін қаншалықты танитындығы анықталды.   «Жас маман жұмысындағы қиындықтар» тақырыбындағы мәселелерді шешу жолдарынан топтық жұмыс орындалды. Jamboard тақтасының көмегімен өз пәнінің ерекшелігіне сәйкес оқытушы қиындықтарынан сурет бейнеленді. Басқа оқытушылар оның шешу жолдарын анықтап жазды. 
«Сабағыңызды қалай көре алсаңыз солай суреттеп беріңіз» тапсырмасында бір оқытушы Canva кроссплатформалық графикалық дизайн қызметі көмегімен тақтада арнайы суреттерден өз пәнін суреттеуі қажет. Басқа оқытушылар параққа суреттерді жапсыру арқылы фотоколлаж ретінде көрсете алды.
«Сабақты бастау және аяқтау» жас мамандардың шығармашылық белсенді іс-әрекеті. Әр жас маман өзінің пәнінің ерекшелігіне қарай сабақтың басы ұйымдастырушылық кезеңі мен аяқталу кезеңіне шығармашылықпен тиімді әдіс-тәсілдерін қызықты етіп шығармашылықпен орындады.
«Өткен күннен өзіңізге хат» жаттығуы – мұнда жас мамандар оқу жылының басындағы  және осы уақытқа дейінгі кәсіби жеткен жетістігі бойынша ашық хат жазып, әдістемелік сағаттан алған әсерлері бойынша кері байланыс жүргізді.