«Нашақорлық індет – алдын-алу міндет» тақырыбында ақпараттық түсіндірме акциясы жүргізілді

«Нашақорлық індет – алдын-алу міндет» тақырыбында ақпараттық түсіндірме акциясы жүргізілді

2023-05-13

    Оқу орнымызда Қызылорда Облысының Білім Басқармасы «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын-алу шараларын жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы» жоспарына сәйкес «Бастауыш білім беру» бөлімінің оқытушылары Қ.Серікбаева және А.Утемисованың ұйымдастыруымен «Нашақорлық індет – алдын-алу міндет» тақырыбында ақпараттық түсіндірме акциясы жүргізілді.

    Шараның мақсаты – арнайы мамандармен кездесу ұйымдастырып, психикаға белсенді әсер ететін зиянды заттар туралы ақпарат беру, олардың адам ағзасына кері әсерін түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

    Түсіндірме жұмыстарына Облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Г.Р.Мазқожа, Облыстық наркологиялық орталықтың валеолог маманы К.Ж.Байдуйсенова және колледж психологтары Ж.Уәлибекқызы, Н.Жүрсінбек «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің 1-3 курс студенттері қатысты. Ақпараттық жиын барысында білім беру ұйымдарында «темекі шегетін қоспалар» мен «синтетикалық есірткілерді» тұтынудың ауыр салдары, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, интернетке тәуелділік,  құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету шаралары қамтылды. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігімен ұсынылған «Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында есірткінің заңсыз айналымына қатысты», «Синтетикалық есірткінің таралуы және дәріханалық нашақорлық проблемалары туралы» бейнедәрістер көрсетіліп, полиция органдарымен әзірленген жадынамалар таратылды.

    Шара барысында студенттер пайдалы құқықтық ақпарат алып және кері байланыс орнатылып, өз сұрақтарына жауап ала білді.