31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2023-05-01

    Бүгін оқу орнымызда  31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған жоспарға сәйкес «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сы оқытушыларының ұйымдастыруымен барлық оқу топтарында арнайы дәріс өтті.

    Дәріс аясында тарих пәнінің оқытушылары зұлмат жылдар зобалаңы өткен тарихи жылдар естелігін парақтап, 1927-1953 жылдары елімізде 125 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшырағандығын және олардың 25 мыңы ату жазасына кесілгендігі туралы айтып өтті. Сондай-ақ аймақ көлемінде  осындай ату жазалары орындалған орындарды да атап өтті.  Саяси қуғын-сүргін құрбандарының жазықсыз жалаға ұшырауы мен олардың отбасының көрген қиындығы, сол жылдардағы тұрмыстық қиыншылықтар, елдегі ахуал төңірегінде біршама мәліметтерге тоқталып өтті.

    Білім алушылар дәріс соңында қанша жанның жазықсыз жала арқалап, беймезгіл қаза табуына себеп болған саяси оқиғалар және оның біздің өлкеміздегі көрінісіне қатысты сауалдарын жолдап, сала мамандарымен пікір алаңын құрды.