Колледжішілік ата-аналар жиналысы өткізілді

Колледжішілік ата-аналар жиналысы өткізілді

2023-06-06

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөліміне ZOOM платформасы арқылы кезектен тыс онлайн режимінде колледжішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

    Жиынға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, директордың оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.Оразымбетова, «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлім меңгерушісі Ж.Маханова, колледж мейірбикесі Г.Айжанова, колледж психологтары Ж.Уалибекқызы, Н.Жүрсінбек, әлеуметтік педагог М.Қиынбаева, ұйымдастырушы педагог Ж.Тютебаева кураторлар және студенттердің ата - аналары қатысты.

    Жиынды колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Исаева ашып, оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, білім алушылар арасындағы тәрбие жұмысының жоспарлы түрде үздіксіз жүріп отыратындығын мәлімдеп, құқықбұзушылықтың алдын алу мен бос уақытты тиімді өткізудің жолдарын түсіндіріп өтті. Колледж психологы Жанат Уалибекқызы ата – аналарға балаларымен қарым – қатынас мәселесіне орай бірнеше маңызды, қажетті кеңестер берді.

    Жиналыс соңында ата-аналар өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды, сонымен қатар колледждің оқу-тәрбие процесіне жақсы пікірлерін білдірді.

    Ұрпақ тәрбиесі – ең ұлы міндет десек, осы міндетті мүлтіксіз орындау колледж оқытушыларымен қатар ата-аналардың да жауапкершілігінде. Сондықтан жиынның түйіні - бала болашағын қалыптастыруда ата-ана мен ұстаз үнемі бірлікте болса ғана қоғамды дұрыс бағытта қалыптастыратын саналы ұрпақ тәрбиеленетіндігіне айқын  көз жеткізу.