М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде ағымдағы жоспардан тыс барлық оқу бөлімінде қыз балалар жиналысы өтті.
Жиналысқа колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, Жастар денсаулық орталығының ВОП дәрігері Ж.Жұмағазиева, «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының психолог мамандары С.Абдрахманова, Ж.Баянова, бөлім меңгерушілері, әлеуметтік-педагог М.Қиынбаева, колледж психологтары Ж.Уәлибекқызы, Н.Жүрсінбек, сонымен қатар топ жетекшілері және бөлімдегі қыз балалар қатысты.
Жиын аясында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Исаева өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Мұнан соң сөз алған Жастар денсаулық орталығының ВОП дәрігері Ж.Жұмағазиева қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Келесі кезекте «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының психолог мамандары С.Абдрахманова, Ж.Баянова стресске төзімділік, суицидтік ойдан айырылу, жағымсыз әдеттерге бой алдырмау жолдары түсіндіріліп, өмір жайлы талдау, өмірдің мәнін ұғындыру, кез келген тығырыққа тірелген кезде қалай шығуға, ешқашан мойымау, берілмеу керектігі жөнінде тереңірек түсіндіріп өтті.
Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.