МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ҚАУІПСІЗ ОРТАМ

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ҚАУІПСІЗ ОРТАМ

2023-06-08

    Оқу орнымызда кәмелетке толмаған білім алушылар арасында «Мен және менің қауіпсіз ортам» тақырыбында профилактикалық түсіндіру шарасы  аясында студенттермен кездесу өткізілді.

    Кездесуге арнайы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы, облыстық «Сыр Дидары» газетінің бас редакторы, дін саласы бойынша облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі С.Алдашбаев, Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы, ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі А.Нұрзылда, Қызылорда облыстық Жастар денсаулығы орталығының психолог мамандары Ж.Бижанова, А.Құлмырзаева және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, әлеуметтік педагог М.Қиынбаева мен топ студенттері қатысты.

    «Мен және менің қауіпсіз ортам»тақырыбындағы кездесу барысында жастар арасындағы діни көзқарастардың қалыптасуы, теріс ағым өкілдерінен сақтану және зайырлы мемлекет ұғымы тақырыптары кеңінен тарқатылып айтылды. Сонымен қатар, білім алушы колледж студенттері, оның ішінде, діни білімге қызығушы жастардың қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы, сондай-ақ зайырлылықтың негізгі қадиғаттары түсіндіріліп, жан-жақты талқыланды. Келесі кезекте Облыстық Жастар денсаулығы орталығының психолог мамандары Ж.Бижанова, А.Құлмырзаева кәмелет жасқа толмаған білім алушыларға психикалық саулық жайлы тақырып аясында өздерінің қажетті кеңестерін беріп, орталықтың Сенім телефонымен бөлісті.