Облыстық білім басқармасы 2023 жылғы 27 қыркүйек «Еңбек күнін» мерекелеу қарсаңында колледжімізде 11-25 қыркүйек аралығында «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық оқу топтарына «Іс-әрекеттегі адалдық» атты тәрбие сағаттар марафоны өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: •Білім алушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру; •Білім алушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы адалдық пен әділдік жөнінде ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту.