Оқу орнымызда "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында белгілі журналист, "Сыр бойы" газетінің аға тілшісі, "Мен ауылдың ұлымын", "Жылы жүрші" кітаптарының авторы Ержан Қожаспен кездесу кеші өтті.
Шараға сонымен қатар ҚР Ақпарат саласының үздігі, "Хабар" телеарнасының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі, кеш қонағының әріптесі Нұрлан Жақыпбек және колледжіміздің Жастар ісі жөніндегі инспектор Шернияз Жалғасбекұлы мен "Филология" бөлімінің білім алушылары қатысты.
Кеш барысында қаламгер Ержан Қожас білім алушылардың қойған сұрақтарына барынша ашық жауап бере отырып, әдебиет әлеміне қалай келгенін айтып, өз естеліктерінен сыр шертті. Келелі кездесуде кәсіби тележүргізуші Нұрлан Жақыпбек артынан ерген ізбасарларына қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденіс пен жауапкершілікті талап ететін журналистика саласының қыр-сырымен бөлісті. Кездесу соңында Ержан Қожас, "Мен ауылдың ұлымын", "Жылы жүрші" атты кітаптарын колледж кітапханасы мен кездесуге белсенді қатысқан білім алушыларға сыйлық ретінде табыстады.