СТРЕССМЕНЕДЖМЕНТ: СТРЕССТІ ОПТИМИСТІК ТҰРҒЫДАН БАСҚАРУ
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, "Мектепке дейінгі білім беру мен әлеуметтік педагогика" кафедрасы және колледжіміздің ұйымдастыруымен "Стрессменеджмент: стрессті оптимистік тұрғыдан басқару!" тақырыбында халықаралық семинар-тренинг өтті.
Мақсаты: білім беру процесінің барлық қатысушыларының денсаулығын сақтау үшін мультимодальды стрессті басқарудың маңызын ашу.
Халықаралық семинар-тренингке қауымдастырылған профессор, PhD доктор, психотерапевт: Алена Ильинична Гарбер (Alena Garber), Лейпциг университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы, психотерапевт Конрад Решке (Konrad Reschke), Абай атындағы ҚазҰПУ "Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика" кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, п.ғ.к.: Қыякбаева Ұлбосын Қозыбаевна, Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессор м,а., PhD доктор, жоғары санаттағы педагог-психолог Ахметова Айгүл Игенқызы, колледж директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы мен колледж оқытушылары қатысты. Семинарды колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы ашып, семинар жұмысына сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді. "Стрессті оптимизммен басқарыңыз!" тренингі барысында арнайы Германиядан келген қауымдастырылған профессор, PhD доктор, психотерапевт Алена Ильинична Гарбер тренинг курсына шолу және созылмалы стрессті диагностикалау дағдыларын дамыту, бағдарламаның төрт блогы бойынша сабақ тақырыбын ұсыну: созылмалы стрессті диагностикалау, эмоционалды реттеу, жеке бірегейлігімен жұмыс жасау және әртүрлі әлеуметтік топтарды эмоциялық тұрғыдан қолдау тақырыбында оқытушыларға лекция оқып, тәжірибелік бөлімінде тренинг өткізді. Шара соңында қатысушы оқытушыларға сертификат табысталды.