Оқу орнымызда Қызылорда облысы әкімдігімен бекітілген облыстық білім басқармасының «Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс кестесіне» сәйкес профилактикалық жұмыстар аясында жиналыс өткізілді.
Аталған шараға Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының валеологы К.Байдуйсенова, Жастар ресурстық орталығы маманы А.Ізбанова және колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Исаева, ұйымдастырушы педагог Ж.Тютебаева, әлеуметтік педагог М.Қиынбаева, психолог Ж.Уалиханқызы мен жастар ісі жөніндегі инспектор Ш.Жалғасбекұлы, оқу орны медбикесі Г.Айжанова қатысты. Сондай-ақ колледж студенттері қамтылды.
Жиын барысында Жастар ресурстық орталығы маманы А.Ізбанова қала жастарының уақытын тиімді пайдалану үшін өткізіліп жатқан шаралар жөнінде таныстырып, жұмыс барысын түсіндірді. Сонымен бірге орталықтағы бос уақытты тиімді үйлестіруге арналған түрлі үйірмелер жөнінде ақпарат берді. Аймақтық психикалық денсаулық орталығының маманы К.Байдуйсенова темекі тартудың, электронды темекілердің зияны және есірткі және спиртті ішімдіктердің жастар денсаулығына әкелер қаупі мен зияны жөніндегі тақырыпты тарқатып айтты. Аталған тақырыпқа сай колледж медбикесі Г.Айжанова да пікір білдіріп, зиянды әрекеттерден аулақ болу – әр жас жеткіншектің жарқын болашағының кепілі екенін айтып өтті.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Исаева түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға көшеге шықпау, оқу орнында және жатақханада ішкі тәртіп ережесін сақтау, тәртіп пен тазалықтың үнемі бақылауда екенін ескертті.