НАШАҚОРЛЫҚ – ҚАУІПТІ ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ

НАШАҚОРЛЫҚ – ҚАУІПТІ ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ

2023-11-24

НАШАҚОРЛЫҚ – ҚАУІПТІ ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Физика, математика және ақпараттық жүйе" бөлімінің ұйымдастыруымен "Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет" тақырыбында сала мамандарымен кездесу өткізілді.

Мақсаты: жастардың есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарылату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын қалыптастыру. Студенттерге темекі, арақ, есірткінің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.
 

Шараға  Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Г.Алмурзаева, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, колледж медбикесі Г.Айжанова, колледж психологы Ұ.Жұматай, ұйымдастырушы педагог А.Жәнібек, Жастар ісі жөніндегі инспектор Ш.Жалғасбекұлы мен топ жетекшілері және білім алушылар қатысты.

Шара барысында Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Г.Алмурзаева қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы психологиялық тәуелділік, есірткіні тұтыну себептері мен зардаптары жөнінде ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар, колледж жастарының нашақорлық туралы білімдерін, есірткіге әуестігін анықтау мақсатында студенттерден сауалнама алынды.
 
Жиын соңында білім алушылар нашақорлық қоғам үшін, болашақ үшін өте қауіпті екендігі туралы толық ақпарат алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандары тарапанынан жауап берілді.