НАШАҚОРЛЫҚ – ҒАСЫР ДЕРТІ
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде белгіленген жоспарға сәйкес "Шетел тілі" бөлімінің ұйымдастыруымен "Нашақорлық – ғасыр дерті" тақырыбында сала мамандарымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: білім алушыларға әлемді алаңдатып отырған зиянды заттардың белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын-алуға тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту.
Шараға Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының маманы Г.Мазқожа, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, колледж медбикесі Г.Айжанова, "Шетел тілі" бөлімінің меңгерушісі М.Меңдібаева, ұйымдастырушы педагог А.Жәнібек және "Шетел тілі" бөлімінің топ жетекшілері мен білім алушылары қатысты.
Шара барысында Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының маманы Г.Мазқожа қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы психологиялық тәуелділік, есірткіні тұтыну себептері мен зардаптары жөнінде ақпарат беріп өтті.
Сонымен қатар, шара барысында білім алушылар нашақорлық туралы қойылым қойып, ғасыр дертінің шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін түсіндірді.
Жиын соңында білім алушылар нашақорлық қоғам үшін, болашақ үшін өте қауіпті екендігі туралы толық ақпарат алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандары тарапанынан жауап берілді.