М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Дене тәрбиесі және спорт" бөлімінің ұйымдастыруымен "17 қараша – Студенттер күніне" орай бөлім аралық қыздар арасында дәстүрлі волейболдан жарыс өтті.
Мақсаты: Дене тәрбиесі және спорттың бұқаралығын кең көлемде дамыта отырып білім алушыларды дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту. Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, колледж құрама командасына үздік ойыншыларды іріктеу.
Дәстүрлі спорттық шараға әр бөлімнің білім алушы қыз балалары қатысты. Жарыстың бас төрешілері Даутов Дулат, Шәймен Ибрагим және бөлім оқытушыларының шешімімен