Оқу орнымызда «Әлеуметтік – экономикалық» пәндер ПЦК-мен Облыстық оқу орталығының кәсіптік білім бөлімінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік колледж білім алушылары арасында «Тәуелсіздік жолы: қалыптасуы, дамуы және келешегі» тақырыбындағы апталық жоспарына сәйкес «Архивтегі аманат: Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи жолы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мақсаты: баба ұрпақ пен бала ұрпақ арасындағы сабақтастыққа негіз болып жатқан тәуелсіздіктің тарихын, тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, сонымен қатар баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын, жастарға түсіндіру. Конференцияға қатысушылардың жұмыстарына қазылық жасаған: Сақтапберген Алжиков атындағы №144 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ибраева Нүрила Турсынбековна. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті тарих және археология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, Философия докторы (PhD) Шораев Бағлан Қошқарович. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы археология және этнография ғылыми орталығының ғылыми қызметкері, тарих бағыты бойынша педагогика магистрі Билалов Сейдали Умиртаевич.
Конференция жұмысының бағыттары