ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА БАҚЫТ, ЖАҢА АРМАН
Оқу орнымызда жаңа жыл қарсаңында «Жаңа жыл – жаңа бақыт, жаңа арман» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты жиынға оқуға құштар, білім сапасы жоғары, қоғамдық өмірде белсенді, бастамашыл жастар мен ерекше жандар қонақ болды. Алғашқы мерекелік құттықтау сөз Жақсыгүл Қоханқызына беріліп, білім алушы жастарға ыстық лебізін білдірді. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған жиынға Аяз Ата мен Ақшақар қонақ болып, ақжарма тілектер айтылды. Шара соңы мерекелік концертке ұласып, әсем ән, жастық жалынға толы заманауи би және жастарымыздың өнері жиылған жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кеш қонақтарына тәтті сыйлықтар табысталды. Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтай отырып, Ұлу жылында шын жүректен жақсылық, бақ-береке, бейбітшілік пен болашаққа деген серпін беретін сенім мен жеңіске жетелейтін жігер тілейміз! Жаңа жылымыз құтты болсын!