MANSHUK QUIZ-2023
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» және жас маман І. Нұртазаның ұйымдастыруымен I курс білім алушылары арасында «MANSHUK QUIZ-2023» интеллектуалды сайысы өтті.
Мақсаты: білім алушыларды жан-жақты дамыту, әр түрлі аралас тақырыптағы бағыттар бойынша студенттердің білімін шыңдау.
Сайыстың жалпы ережесі:
• Ойын 5 кезеңнен тұрды;
• Үзіліс 3 және 5 кезеңнен кейін;
• Әр команда 3 қатысушыдан;
• Ойын барысында ұялы телефондар, apple watch, планшеттерді және т.б гаджеттерді пайдалануға тыйым салынды;
Қорытынды ұпай саны бойынша
I орын ЛҚ-23
II орын СТ-23
III орын ИИ-23 оқу тобы марапатталды.
Сондай-ақ, бірқатар белсенді білім алушыларға Алғыс хатпен, арнайы сыйлықтар табысталды.
Көшбасшы, бәсекеге қабілетті студенттерімізді керемет жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!