9 және 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары

9 және 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары

2024-01-12

Оқу өндірістік бөлімнің аймақ көлеміндегі мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес «Мамандығым – Мақтанышым» тақырыбында 9 және 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – еңбек нарығын және оқушылардың бойындағы психологиялық-әлеуметтік мәнділіктерді реттей  отырып, мамандықты  саналы түрде таңдауға бағыттау.

Аталған шараға М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқу-өндірістік әдіскері С. Қылышбаева, «Филология» және «Шетел тілі» бөлімдерінің бөлім меңгерушілері Г.Мұхиддинова мен М.Меңдібаева және бөлім оқытушылары арнайы барып, түлектер қауымына кәсіби бағдар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шарада білім беру мекемелерінен 2354-ға жуық білім алушы қатысты. 

«Кәсіби бағдар» аясында оқуға түсудің ережелері мен алғышарттары, басымдықтары турасында толыққанды мәлімет берілді. Сондай-ақ М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде білім алудың артықшылықтары және ерекшеліктері бойынша бейнероликтер, презентациялық материалдар таныстырылды.