Қызым үйде, қылығы түзде

Қызым үйде, қылығы түзде

2024-02-09

Оқу орнымызда “Филология” бөлімі және колледж медициналық бөлімшесі бірлесе ұйымдастырған “Қызым үйде, қылығы түзде” тақырыбында сала мамандарымен кездесу өтті. Аталған шараға Облыстық жастар денсаулығы маманы Г.Алмұрзаева, қалалық “Ана үйі” ҚҚ маманы Д. Жүсіпбаева, колледж медбикесі мен бөлім оқытушылары және білім алушы қыздары қатысты.

Мақсаты - қазақ салтындағы қыздарға қойылатын қырық жерден тиымдарды айта отырып, қоғамдағы қыз бала тәрбиесінің маңыздылығын түсіндіру.

Жан саулығы жайындағы жиында сала мамандары қыз балалардың денсаулығын күтуі, ой және бой тазалығы, тәртіп пен тәрбиенің мәні туралы түсіндірді. Сондай-ақ қатысушы студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.