Оқу орнымызда «ҮЗДІК АРНАЙЫ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ -2024» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Мақсаты - арнайы пән оқытушыларын кәсіби шыңдау, мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу.
Байқау барысында қатысушылар 3 модуль бойынша бақ сынады. Оның ішінде:
Оқытушылар әлеуметтік қоғамдастыққа педагогикалық бейнеролик арқылы - кәсіби педагогикалық құндылықтарды, мақсаттарды, міндеттерді және оларды нақты қайырымдылық істерде және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру ерекшеліктерінде өз педагогикалық қызметінде жүзеге асыру жолдарын көрсетті;
«Әдістемелік жоба» әзірлеуде заманауи педагогикалық технологиялардың элементтерін, оқыту әдістерін, құралдарын, түрлерін ашатын белгілі бір тақырып бойынша әдістемелік әзірлемелер дайындады;
«Мультимедиялық технологиялар» модулінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, белгілі бір тақырып бойынша мультимедиялық презентация жасады. Педагог компьютерлік сауаттылықтан іскерліктері мен дағдыларын көрсете алды.
Сайыс қорытындысымен: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің оқытушысы Өмірзақ Қаламқас І орын, «Бастауыш педагогикасы» бөлімі оқытушысы Нетбаева Нұргүл ІІ орын және «Филология» бөлімінің оқытушысы Махамбеталиева Роза ІІІ орынды иеленсе, «Өнер» бөлімінің оқытушысы Мұратова Ғазиза «Мейірімді ұстаз», «Физика және математика» бөлімінің оқытушысы Ерғалиева Жазира «Креативті әдістемелік жоба», «Өнер» бөлімінің оқытушысы Қаппарова Ғафура «Ізденімпаз оқытушы» номинацияларымен марапатталды.
Барлық қатысушыларды колледж директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы жеңістерімен құттықтап, дипломдармен, алғыс хаттармен және кәсіподақ ұйымының арнайы сыйлықтарымен марапаттады.