26-28 мамыр аралығында 2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша колледждің 1-2 курс студенттері ата-аналарымен жоспарлы жиналыс өткізілді.
Онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиында екіншіжартыжылдық бойынша студенттерге қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
ІІ жартыжылдық көлемінде тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде таныстырған директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Исаева оқу жылының аяқталуына аз уақыт қалғанын айта отырып, бірнеше мәселеге тоқталып өтті.
- Студенттердің сабаққа қатысуы, оқу орнындағы киім үлгісінің сақталуы, сабақтан кешікпеу және колледжде жүруге арналған турникед картасына ұқыптылықпен қарау
- Ата-аналарға баланы беймезгіл уақытта ешқайда жұмсамау және білім алушының түнгі уақытта көшеде жүрмеуін қадағалау
- Емтихан уақытында сыбайлас жемқорлық фактілері байқалған және анықталған жағдайда колледж сайтындағы «Директор блогы» арқылы хат жазу
- Қоғамдық орындарда балалардың сауда-саттықпен айналысу фактісін болдырмау секілді бірқатар мәселелерді айтып, ескерту жасады.
ПБ ЖПҚ Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Р.Жұмаділдаев:
- жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
- кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта топтасып жүруі
- жастар арасындағы зиянды заттарды (алкогольдік өнімдер, темекі) пайдалануды болдырмауға ықпал ету жөнінде сөйледі.
Колледж психологы Ж.Уалибекқызы:
- Қорытынды аттестаттау кезінде студенттердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- Ата-ана тарапынан балаға қолдау білдіру
- Уақытылы демалу және тамақтану
- Колледж студенттеріне көрсетілетін психологиялық қызмет тақырыбында айтты.
????Колледж медбикесі Г.Айжанова оқу орнындағы санитарлық эпидемиологиялық ахуал, медпункт қызметі және ата-ана тарапынан бала денсаулығына бақылау жасаудың маңыздылығына тоқталып өтті.
????Әр бөлімнің бөлім меңгерушілері жиналысқа қатысып, оқу-тәрбие процесіндегі студенттердің жағдайы, ішкі тәртіп ережесіне бағыну, себепсіз сабақтан қалмау және оқу ақысының уақытылы төленуі мәселелеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ жоспарлы жиынға әлеуметтік педагог М.Қиынбаева, жатақхана меңгерушісі Л.Қордабаева және 1-2 курстардың барлық топ жетекшілері қатысып, әр маман өз бағыты бойынша ата-аналар тарапынан келген сауалдарға жауап берді