«Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі»

«Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі»

2024-03-12

Оқу орнымызда «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің апталығы аясында «ЛОГОПЕДИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕРІ ЛОГОПЕД МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сала мамандарымен өткен жиынға Облыстық білім басқармасы Қызылорда қаласы “№3 Психологиялық - медициналық- педагогикалық консультациясы” дефектолог маманы Уразалиева Асель,

Облыстық білім басқармасы Қызылорда қаласы “№3 Психологиялық - медициналық- педагогикалық консультациясы” логопед маманы Жусупова Мереке, “Нәтиже” орталығының нейрологопед маманы Оспанова Гүлмаржан, “Мейірім”орталығының дефектолог-логопед маманы Әбілдаева Дариха және № 6 М.Сужиков атындағы орта мектеп дефектологы Сарсенбаеа Шаркул мен «Шағбан» балабақшының логопед маманы Жаңабатырова Гүлзейнеп қатысты. Сонымен бірге логопедия және бастауыш білім беру саласын меңгеруші студент жастар және сол мамандарды кәсіби даярлау ісіне елеулі үлесін қосып жатқан колледж педагогтары да қатысты.

Шараның мақсаты - сөйлеу тілін дамытуға бағытталған педагогикалық қолдауды жүзеге асыру, оқу іс-әрекетіне қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және диагностикалық, дамытушылық, кеңес беру-ағартушылық іс-шаралар арқылы студенттердің мектеп жағдайында толық және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету.

Аталған шарада жаңа заман талабына сай дефектология және логопедия мамандықтарына сұраныс артуы және оның түп тамырындағы мәселелер тарқатылды. Бала дамуындағы сөйлеу процесінің кешеуілдеуі, осыған сай мамандардың бәсекеге қабілетті түрде дамуы, жаңа заман мамандарына қойылатын басты талаптар айтылды. Сала мамандары мен білім алушылар арасында ашық диалог алаңы құрылып мамандықтың теориялық және практикалық тәсілдері талданды. Көкейде жүрген сауалдар жолданып, шешімі көрсетілді.