“Оқуға құштар”

“Оқуға құштар”

2024-03-14

“Оқуға құштар” жоба аясында колледж кітапханасында “Мектепке дейінгі тәрбие”бөліміне қарасты МДБ-Қ-22 оқу тобының ұйымдастыруымен "Өзім оқып шықтым, саған да оқуға кеңес беремін" тақырыбында оқырмандар алаңы құрылды.

Мақсаты - студенттердің оқу сауаттылығын дамыту, өзін-өзі жетілдіруді және білім беруді қолдау, кітап оқуды насихаттау.

Шарада Оралхан Бөкейдің “Атау кере” әңгімесі талқыланды. Жас оқырмандар оқиға желісіне автор идеясы, кейіпкерлердің образдық бейнесі, шығарманың айтар ойы сынды бірқатар сұрақтар төңірегінде әдеби талдау жасады. Сондай-ақ Wordwoll платформасы арқылы интеллектуалды ойын ойнатылып, білім алушылар арасында пікір алмасу өтті.