”16 наурыз мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күніне орай Оқу орнымызда «НАУРЫЗ АЙЫ – ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕУ» бағыты бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «ДАНА ӘЖЕ, АСЫЛ АНА, ТӘРБИЕЛІ НЕМЕРЕ» тақырыбындағы отбасылық сайыс өтті.
Мақсаты - білім алушларды ізгілікке,үлкенді сыйлап тыңдай білуге,құрметтеуге,халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға ,ой-өрісін дамыту,өнерге баули отырып инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Отбасылық сайысқа төрт отбасы қатысып, 6 тур бойынша бақ сынады. Атап айтсақ:
1. «Отбасын таныстыру»
2. «Шебердің қолы алтын» (ою-өрнек ою) әжелер сайысы
3. «Атадан қалған асыл сөз» ырым-тиым сөздер қолдана отырып сахналық қойылым ұйымдастыру
4. «Ас адамның арқауы» (үй тапсырмасы, ұлттық тағам даярлау) аналар сайысы
5. «Көкпар» сұрақ-жауап және мақал-мәтел жасырылған ұяшықты таңдау
6. «Өнерлі өрге жүзеді» отбасылық өнерлерін дәріптеу, өз өнерлерін көрсету
Таныстыру бөлімі бойынша отбасылар түрлі шығармашылық қабілеттеріне қарай өз отбасыларын таныстырса, әжелер сайысында мән-мағынасы терең, атаулы ою түрлерін қолдан ойып, әділқазы алқаларына ұсынды. Әр кезеңнің атауына сай сахналық қойылым, ұлттық тағам түрлерін дайындау әдісі, түрлі бағытта өз өнерін көрсету бойынша ата-аналар бақ сынады. Сондай-ақ әр жанұяның біліміне де сарапқа түсіп, «Көкпар» сұрақ-жауап және мақал-мәтел жасырылған ұяшықты таңдау кезеңінде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, қазақы нақыштар тұрғысында сұрақтарға жауап берілді. Әр тур бойынша белсенді өнер көрсетіп, үлкен дайындықпен келген отбасыларға
І орын- Камарадиновтер отбасы
ІІ орын- Мәліковтер отбасы
ІІІ орындар- Оразалиевтер отбасы мен Шерназаровтар отбасы иеленді. Сайыстың қорытынды кезеңінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева әр отбасыға алғысын айтып, колледж директорының арнайы дипломын және сый-сияпат табыстады.