"Білім берудің басым құндылықтары негізінде тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптастыру"

"Білім берудің басым құндылықтары негізінде тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптастыру"

2024-03-27

"Өнер" бөліміне қарасты "Көркем еңбек" мамандығының ұйымдастыруымен "Білім берудің басым құндылықтары негізінде тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптастыру" атты апталығы аясында қазақтын белгілі кескіндемешісі Ә.Қастеевтің 120 жылдығына орай "Тұлғасы биік қылқалам шебері" атты "Көркем еңбек және дизайн" пәндік цикілінің оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық көрмесі ашылды.

Көрменің мақсаты - қазақ жұртына аты мәлім суретші Ә.Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы мамандыққа деген қызығушылықтарын ояту және эстетикалық тәрбие беру.

Көрмеде аталған ПЦК оқытушылары Ф.Қожахметова, А.Қарамырзаеваның “майлы бояу” техникасымен салынған суреттері, Д.Джусупбаевтың бірқатар мүсіндері көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ “Көркем еңбек” мамандығы бойынша оқитын 3-4 курс студенттерінің шығармашылық жұмыстары көрсетілді. Шара аясында 4 курс студенті Рубекова Меруерт “Дипломалды практика” барысында Ә.Қастеевтің 120 жылдығына орай мектеп оқушыларымен жасаған жұмыстарын таныстырып, өзіндік тәжірибесін ортаға салды.