“Психикалық саулық - дені сау адам негізі”

“Психикалық саулық - дені сау адам негізі”

2024-03-28

Оқу орнымызда “Шетел тілі” бөлімі студенттерімен “Психикалық саулық - дені сау адам негізі” тақырыбында сала маманымен кездесу өтті.

Жиынға “Облыстық жастар денсаулығы орталығының” психологі М.С.Бексұлтанова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Исаева, колледж психологі Ұ.Жұматай және білім алушылар қатысты.

Маманмен жүздесу жиыны барысында тақырып аясында арнайы видеороликтер, таныстырылымдар көрсетіліп, қатысушылармен пікірлесу жүргізілді. Сала маманы студенттерге психикалық саулықпен қатар физикалық саулықтың маңызды тұстарын түсіндірді.