ХОРЕОГРАФИЯ ӨНЕРІ - ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

ХОРЕОГРАФИЯ ӨНЕРІ - ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

2024-04-03

«ӨНЕР» бөлімі “Хореография” ПЦК-ның «Хореография өнері – эстетикалық тәрбие бастауы» атты апталығы аясында «Сыр өңіріндегі би анасамбльдерінің қызметі: ерекшелігі, мәселелері мен болашағы» тәжірибе алмасу алаңы өтті.

Шараға колледж директоры Ж.Тоғанова, директордық оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Д.Ділдабекқызы, «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Р.Жайылханқызы және “Хореография” ПЦК-ның оқытушылары, өнер көрсетуші би топтары мен олардың жетекшілері қатысты.

Аймақтық дәрежедегі би аламанында

Қызылорда облыстық филормониясының «Томирис» би ансамблі

«Сыр – сұлуы» халықтық ән-би ансамблі

Қорқыт ата атындығы Қызылорда университетінің “Дидар” халықтық ән-би ансамбілі

Қызылорда қалалық мәдениет үйі «Арайлы» би тобы

Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы Қ.Мұхамеджанов атындағы мәдениет үйі «Шаттық» халықтық үлгілі би тобы

«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қоры «Samruk dance» ансамблі

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің 212 мектеп гимназиясы “Сымбаттым” би ансамблі

Шиелі кенті әкімі аппаратының "Арман мәдениет үйінің» Арман би тобы

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы «Балдырған» би ансамбілі

және

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Нұргүл» халықтық ән-би ансамбілдері өнер көрсетті.

Өңір көлеміндегі би ансамбльдері бас қосқан шығармашылық жиында әр қатысушы топ өздерінің арнайы дайындаған би қойылымдарын көпшілік назарына ұсынды. Тәжірибе алмасу алаңында сала мамандары әр командалық жұмысты бақылап техникалардың дұрыс қойылуын, би тобының артықшылықтары мен кемшіліктерін, би қою кезіндегі жетекшілер жұмысы және бишілер костюмдерін тігу және кәсіби тігіншілер өнімдерінің қолжетімсіздігі сынды ортақ мәселелер төңірегінде талқылау өрбітті. Сонымен қоса би ансамбльдерінің жұмысын жандандыру мақсатында тәжірибе алмасу алаңдары жиі өтіп тұрса деген ұсыныстарын жеткізді.