БАЛА ДЕГЕН - БІР БАҚЫТ!

БАЛА ДЕГЕН - БІР БАҚЫТ!

2022-06-01

    Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «БАЛА ДЕГЕН - БІР БАҚЫТ!» атты мерекелік шара өткізілді. ????Мақсаты - балалардың жеке қасиеттерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға, достық қарым-қатынас құруға жетелеу, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

    Мерекелік іс-шара аясында: • «Я, ты, он, она – вместе дружная семья!» флешмобы • «Бақытты балалық шақ отауы» (танымдық-сауықтыру жұмыстары) • «Әнім саған арналады, туған жер!» патриоттық ән байқауы • «Отбасы – бақыт мекені» отбасылық эстафета • «Бақытты балалық шақ!» суретшілер байқауы өткізілді.

    Әр бағыттағы сайыстарда кішкентай өнерпаздар әсем әннен шашу шашып, тақпақ айтып, әдемі би де биледі. Қылқаламды серік еткен суретші балалар бақытты балалық шақ, жанұя және табиғат тақырыптарында суреттерді сөйлетті. Отбасылық эстафета кезінде әр жанұяның бірлігі, балалардың есепке жүйріктігі және спортқа бейімділігі одан әрі артты.

    Балалардың төл мейрамына арналған шаралар соңында жеңімпаз жанұя анықталып, өз өнерімен ерекше көзге түскен жас өнерпаздар да оқу орны басшысының Алғыс хатымен және арнайы сый-сияпаттармен марапатталды. Сондай-ақ мерекелік жиынға қатысқан барлық балаға балмұздақ таратылды.