Хореография өнері – эстетикалық тәрбие бастауы

Хореография өнері – эстетикалық тәрбие бастауы

2024-04-06

«ӨНЕР» бөлімі “Хореография” ПЦК-ның «Хореография өнері – эстетикалық тәрбие бастауы» атты апталығы аясында “Балалар ұжымының репертуарын қалыптастырудың негізгі әдіс тәсілдерімен жұмыс жасау” тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Тәжірибе алмасу алаңына А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің педагог-хореографы, аймақ жұртына аты таныс “Aqmaral” би студиясының жетекшісі Койшыгулова Ақмарал Мусагалиевна өз шәкірттерімен арнайы келіп, болашақ хореограф мамандарға бірқатар техникалар мен жаттығулар төңірегінде ақпарат берді.

Сала маманымен өткен кәсіби сабақ аясында бүлдіршіндермен және студенттермен бірігіп экзерсис-партер жаттығуы жасалып, омыртқаны тік ұстай алу, аяқты қою техникалары және дене жаттығуларының жас бишілерге маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ балалар ұжымымен жұмыс жасаудағы ерекшеліктер, ұстаз ретінде баланың жас ерекшелігіне қарай психологиялық қадам және қолдау жасай алу, ата-анамен байланыс тақырыптарын түсіндірді. Шеберлік сағаты әрбір болашақ хореографқа үлкен тәжірибе және шабыт пен кәсіби тұрғыда қолдау берді.