Оқу орнымызда Жалағаш аудандық “Мансап” орталығының мамандары Кенжебекова Мәншүк және Талапберген Жасұлан арнайы келіп, Жалағаш ауданынан келген білім алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, “Жастар практикасы” бағдарламасы және “Алғашқы жұмыс орны” және “Ұрпақтар келісімшарты” жобаларының мақсаты, талаптары және жүргізілу мерзімі жайлы айтты. Жиын барысында бітіруші түлектер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сала мамандары жауап берді. Шара барысында таратпа материалдары таратылып, бағдарламалар жайлы презентация жасалды.