Бүгін оқу орнымызда 1 курс студенттері үшін «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында тәрбие сағаттар желісі өткізілді. Сондай-ақ 2-4 курс студенттеріне «Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс!» тақырыбында тәрбие сағаттар марафоны жүргізілді. Аталған шарада жасөспірімдерге арналған құқықтық заңдылықтар, құқықтық міндеттер және адалдық, әділдік, отанға сүйіспеншілік тақырыптары кеңінен қозғалды.