КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2024-09-23

Колледж директоры Ж.Қ.Тоғанова 2024-2025 оқу жылында оқуға қабылданған 1 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында колледж директоры білім ордасында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі студенттердің білім көрсеткіштері мен жетістіктері арқылы бағаланатындығын сөз етті. Сондықтан, алдағы уақытта да студенттермен жиі кездесіп, барлық сауалдары мен ұсыныстарын тыңдауға дайын екендігін айтты.
Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.У.Бахадурова білім алушы үлгірімі, бағалау көрсеткіштері мен ерекшеліктері, стипендия тағайындау ережелері туралы айтса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Исаева колледждің ішкі тәртіп ережелері мен оқу орнындағы бірыңғай киім үлгісін сақтау, жалпы қоғамдық тәртіп, құқықтық сауаттылық жөнінде ақпараттандырды.
Жастар ісі жөніндегі инспекторы М.М.Ниязов оқу орнындағы жастарға арналған түрлі бағыттағы ұйымдар мен шығармашылық, спорттық т.б. үйірмелер жұмысы, негізгі бағыттары жайлы түсіндірді.
Студенттердің сұрақтарына жауап берген директор мен колледж әкімшілігі мүшелері колледждің ішкі тәртіп ережелерін, білім беру саласындағы заманауи технологияларды меңгерудегі мүмкіндіктерін атап өтіп, ағымдағы оқу жылында білімге баса назар аудару қажеттілігін түсіндірді.