М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. «ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН!» деп аталған бұл шара тәуелсіздігіміздің қадірін арттыруға, Қазақстанның болашағы саналатын жастарды рухтандыруға арналған керемет кеш болды.
Мерекелік шарада колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы барша қатысушыларды Республика күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде жастарға ел болашағы үшін білім алу, еңбек ету қажеттілігін атап өтіп, жастардың ел дамуына қосар үлестеріне сенім білдірді.
Мереке аясында колледжіміздің жастары өз өнерлерін ортаға салып, халықтың бірлігін, елдің тәуелсіздігін асқақтатқан туындыларын орындады. Концертте орындалған әрбір ән жүректен жүрекке жетіп, студенттеріміздің елге деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетіп, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Шараға қатысушы колледж жастарының белсенділігі мен патриотизмі – еліміздің жарқын болашағына деген сенімімізді нығайтты. Барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз! Республика күні құтты болсын!