Семинарды ұйымдастырып, жетекшілік еткен - колледж оқытушылары Жұман Назерке мен Шалабаева Маркен. Олар жасөспірімдер мен үлкендер арасындағы қарым-қатынасты нығайту бағытындағы мәселелерді дәріс және практикалық тұрғыда ұғынықты жеткізіп, қатысушылармен нәтижелі тәжірибе алмасты.
Семинардың мақсаты - жасөспірімдер мен үлкендер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту бағытында тиімді тәсілдермен бөлісу. Тыңдаушыларды жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған алдын алу шараларымен таныстыру.
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жасөспірімдермен қарым-қатынас ерекшеліктерін ашу. Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін алдын алу шараларымен таныстыру. Жасөспірім мен ересек адамның қарым-қатынасын жақсарту дағдыларын дамыту.
Семинар барысында тыңдаушыларға қазіргі жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін жүргізілетін алдын алу шаралары таныстырылды. Тыңдаушылар әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы жасөспірімдермен қарым-қатынастың ерекшеліктері мен олардың заманауи ұстанымдары туралы ақпарат алды.
1. Дәріс: Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қарым-қатынас тақырыбында дәріс оқылып, қазіргі заман жасөспірімдерінің ерекшеліктері талқыланды. Дәрісте «заманауи жасөспірім кім?» және «олар бізден несімен ерекшеленеді?» деген сұрақтарға жауап берілді.
2. Тренинг: «Жағымды қарым-қатынас орнату» тақырыбына арналған тренинг барысында қатысушылар жасөспірімдермен тиімді байланыс орнату және өзара түсіністікті арттыру әдістерімен танысты.
3. Топтық жұмыс: Семинарда қатысушылар топтарға бөлініп, өзара пікір алмасты. Олар жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін қандай шаралар қолдануға болатынын талқылады, тәжірибелерін бөлісті. Әр топ өз ұсыныстарын ортаға салып, тәрбиелік іс-шаралардың жобаларын әзірледі.
4. Практикалық жұмыс: Қатысушылар зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралардың үлгісін әзірлеп, оны қолдану жолдары бойынша презентациялар жасап, таныстырды.
Семинар соңында тыңдаушылар жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, оларға психологиялық қолдау көрсету тәсілдері туралы кеңестер алды. Оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, семинар психологиялық қолдау тренингімен аяқталды.