ПСИХИКАЛЫҚ САУЛЫҚ – ДЕННІҢ САУЛЫҒЫ

ПСИХИКАЛЫҚ САУЛЫҚ – ДЕННІҢ САУЛЫҒЫ

2024-11-07

Психикалық саулық - денсаулықтың маңызды бөлігі. Ол адамның эмоциялық, зияндық және әлеуметтік жақтарының жақсы күйде болуын білдіреді. Психикалық денсаулық адамның өмірлік күйзелістерге икемдене алуы, өзін-өзі оң бағалай алуы және қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынас жасай алуына байланысты.
Психикалық денсаулық деген не, оны сақтау жолдары туралы Облыстық жастар денсаулық сақтау ұйымының психолог мамандары Жандосова Айзада Сұлтанбекқызы мен Суһрапқызы Тру Аида түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тренинг өткізді.
Тренинг барысында жастардың психологиясын дамыту, денсаулық сақтау ұйымдарына барынша жүгіну қажеттілігі мен маңызы түсіндірілді. Студенттердің ой-өрісін дамыту мақсатында болған сергіту сәттерінде барлық студенттер толығымен қатысты. Осындай тренингтер өткізіп отырудың жастардың тұлғалық қасиеттері мен кәсіби дағдыларын дамытуда көп көмек болары анық.