ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

2024-11-11

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде топ жетекшілері мен білім алушылардың қарым-қатынасын оңтайландыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдері бойынша «Информатика және ақпараттық жүйе» бөлімінің топ жетекшісі Қаражанова Гүлназ Пірназарқызы «Топ жетекшілерін ынталандыру мен қолдаудың тиімді әдістері» тақырыбында арнайы шеберлік сабағын өтті.
Топ жетекшілерін табысқа жетелеу және ынталандыру - кез-келген ұйым үшін маңызды міндеттердің бірі екендігін негізге алып, семинар «Сіз кімсіз?» сұрағына жауап берумен және «Өмір тепе-теңдігі дөңгелегін» толтырып, талқылаумен басталды. Бұл басымдықтарды анықтау тұлға ретінде әр топ жетекшісіне топ жұмысын тиімді басқару, жоғары моральдық дух және мақсатқа жету жолында негіз болып табылады.
Шеберлік сабағында топ жетекшілері «Мен-хабарлама» және «Сандвич» моделдерін басшылыққа алып, қарым-қатынасты жақсартуға, сын мен ұсынысты дұрыс жеткізуге арналған тиімді әдістерді қолдану арқылы бірнеше кейстерді шешті. Сонымен қатар «Шекарадағы сабыр», «Тактикалық таңдау», «Шындық пен жалған», «Бақылаушы», «Кәсіби айна» ойындарына топ жетекшілері белсенді қатысты. «Шекарадағы сабыр» ойыны топ жетекшілерінің өздерінің эмоцияларын басқаруға, қиын жағдайларда сабырлы болу дағдыларын жетілдірсе, «Тактикалық таңдау» ойыны жетекшілердің дұрыс шешім қабылдауын көрсетіп, қиын жағдайларда талдау мен стратегия құруды дамытып, студенттермен қарым-қатынас жасауда әртүрлі тактикалық шешімдердің тиімділігін байқатты. Ал «Шындық пен жалған» ойыны жетекшілердің аңғарымпаздығын дамытуға бағытталған. «Бақылаушы» әдісі арқылы жетекшілердің байқағыштығын, белсенді тыңдау және бақылау дағдыларын жақсартты. «Кәсіби айна» арқылы олар өз мамандығының «тілімен» өздеріне пікір айтып, мықты және әлсіз жақтарын анықтады және өзіндік анализ жасауға бағытталды. Көрсетілген әдістер, өзіндік талдауға арналған құралдар жеке және кәсіби өмірдің әр саласындағы қанағаттану деңгейін бағалауға негізделген.
✏️Шеберлік сыныбы студенттерге жетекшілік ететін ақыл-ойы кемел, психологиялық тұрғыдан тұрақты, ынта-жігері мол және өзіне деген сенімі берік ұстаздарға сәттілік тілеп, алғыс айтумен қорытындыланды.