АЛТЫН КҮЗ -2024» күзгі балы өтті!

АЛТЫН КҮЗ -2024» күзгі балы өтті!

2024-11-14

Айналасын ырыс пен берекеге толтыра салтанатпен келетін жыл мезгіліне арнап оқу ордамызда көптен күткен «АЛТЫН КҮЗ -2024» күзгі балы өтті!
Байқауға 7 жұп қатысып, нәтижесінде:
«Шетел тілі» бөлімі І орын иеленіп, Сұлтанжан Асылхан (ШТ-М-24 тобы студенті) және Ақтай Балнұр (ШТ-М-23 тобы студенті) күз Ханшайымы мен Ханзадасы атанды.
ІІ орын – «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі;
ІІІ орын – «Филология» бөлімі жеңіп алды.
Әрбір студент үшін жаңа таныстықтар орнатуға, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге осындай шаралардың маңызы зор. Алтын күзді мерекелік тойлау салтанатына жастар белсене қатысты. Колледж өміріндегі қызықты әрі есте қаларлықтай ерекше кеш ұйымдастырушыларына алғыс айтамыз!